Дербес кабинетi | Байланыс орталығы

Дербес кабинетi

Жеке мәлімет
Қолданушыңыздың аты; тасымалдау, астын сызу және нүкте таңбаларын қоспағанда тыныс белгiлерi рұқсат етiлмейдi.

Электрондық поштаның мекенжайы. Сайттан барлық пошта қатынастар бұл мекенжайға жіберіледі. Электрондық поштаның мекенжайы ешқайда жарияланбайды және сіз жаңа паролді немесе жаңалықтармен ескертулерді электрондық пошта арқылы алғыңыз келген жағдайда ғана қолданады.

Дербес мәлiмет
Қолданбалы келiсiм

 

Астана қаласы әкімдігінің «Байланыс-орталығы» ресми сайтын

пайдалану құқы туралы
КЕЛІСІМ

  1. Келісім пәні.

"CCENTER.ASTANA.KZ" " Байланыс-орталығы " сайтының иесі болып «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ танылады.
Бұл Пайдаланушы келісімі (ары қарай - Келісім) «CCENTER.ASTANA.KZ» (ары қарай - Сайт) иесі мен  «CCENTER.ASTANA.KZ» (ары қарай - Пайдаланушы) арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге арналған.
Сайтқа тіркелген және сайт қызметтерін пайдаланушылар кез келген жеке немесе заңды тұлға болып табылады.
Келісім пайдаланушының тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

  1. Жалпы ережелер.

Сайт қалалық әкімдіктің құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет көрсету түрлері бойынша ақпарат алу үшін қажетті бірден бір кіру нүктесі болып табылады.
Сайттың негізгі тілі – мемлекеттік, сонымен бірге орыс тілінде қамтылған.
Сайтты әкімшіліктендіруді «Астана қаласы ақпараттық технологиялар орталығы» МКК жүргізеді, өкілетті түрде Сайтқа ақпарат орналастыру және айырбастауды жүзеге асырады.
Келісім ешкімнің арнайы хабарлауынсыз Сайт арқылы өзгертілуі мүмкін.

  1. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері.

Пайдаланушы тіркеу формасында ұсынылған мәселелер бойынша  толық және нақты ақпарат жеткізуге міндеттеледі. Басқа жағдайда, Сайт Пайдаланушыны тіркеуден бас тартуға құқылы.
Сайтқа материал орналастырған кезде Пайдаланушы сол материалдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дұрыс пайдаланылғанына жауап береді.
Сайтта мына ақпаратты орналастыруға тыйым салынады:

  1. пайдаланушының заң бойынша немесе қандай да бір келісім-шартқа сәйкес кіруіне құқы жоқ ақпарат;
  2. мүлік иесінің авторлық құқы мен/немесе аралас құқын бұзатын ақпарат;
  3. жәбірлеу, сонымен қатар адамдарды қандай да бір насихатшыл кемсітушілік мазмұнындағы ақпарат;
  4. белгісіз кірулерді жүзеге асыру үшін жіберілетін вирусы немесе басқа да компьютерлік бағдарламары бар ақпарат пен/немесе материалдарға сілтеме.

Сайтты мына мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады:

  1. қандай бір мемлекеттік құрылым немесе халықаралық заңдардың қасақана немесе абайсызда бұзу;
  2. осы Келісімнің 3 бөлімінің қандай да бір пунктін бұзғандардың жекелеген ІР-адрестерін блоктап немесе адрестер топтарының жазбаларын алып тастауға Сайт әкімшілік тәртіпте құқылы.
  3. Сайттың құқықтары мен міндеттері.

Сайт Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайлардан тыс Пайдаланушы туралы жеке ақпаратты таратпауға міндетті.